ӨнімдерСұлулық пен күтім

«Multi-Peptide Serum» Professional Care полипептидті қалпына келтіруші кешені - Еуроодақ стандарттарына сай сертификатталған жоғары сапалы органикалық шикізат, сондай-ақ Fohow ҒЗИ түпнұсқа рецепті заманауи нанотехнологияларды және трансдермалды адсорбция технологиясын қолданумен ұштасып, әжімдерге қарсы күресте бірегей лифтинг-әсерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Енді теріні күту одан да оңай болды: үйден шықпай-ақ кәсіби косметикалық салонға барумен тең нәтижеге қол жеткізе аласыз. Кәсіби және базалық жинақтарды кешенді пайдалану сізге полипептидтердің теріні қалпына келтіру мен оның жастығы мен денсаулығын сақтаудағы теңдессіз әсерін толық сезінуге мүмкіндік береді.
Fohow-дің әжімдерге қарсы полипептидті лифтинг кешені - құрамына аудармасы «мәңгілік өмір өсімдігі» дегенді білдіретін МИРОТАМНУС сияқты компонент кіретін өнім. Шөл далада қатты құрғақшылық кезінде Миротамнустың жапырақтары бірге жиналып, бұтақшаларға тығыз қысылып, кебеді… қоңырланады және осылайша құрғақшылық кезеңін бастан кешіреді. Жаңбыр маусымы басталған соң Миротамнустың жапырақтары қайтадан тіршілік беретін ылғалға толып, жазылады және жасарады. Дәл сол себепті бұл өсімдік теріде ылғалды ұстап тұру және оны ылғалмен толықтыру бірегей қасиетіне ие. Пептидтік түрдегі Миротамнус пен басқа да құнды компоненттердің сығындылары сізге танылған әлемдік брендтер деңгейіндегі ең жоғары сапалы косметикадан ләззат алуға мүмкіндік береді.
Кәсіби күтуге арналған полипептидті қалпына келтіруші кешеннің құрамына халықаралық деңгейде сертификатталған органикалық компоненттер жиынтығы кіреді. Трансдермалды адсорбция технологиясы қолданылған, соның арқасында белсенді қоректік компоненттердің тері жамылғымызбен сіңірілуінің жоғары дәрежесіне қол жеткізілген. Нәтижесінде сіз ешқандай белсенді әрекетті талап етпейтін ең қуатты жасарту әсерін аласыз.
«Serum-Peptide Pro №1» полипептидті жасарту сарысуы
Көлемі: 10 мл х10 флакон
Өнімнің қасиеттері: белсенді қоректік компоненттерді қамтиды, тері бетінде қорғаныш ылғалдандырушы қабат түзеді, терінің қоректік компоненттерді сіңіруіне ықпал етеді, теріні тегісірек әрі нәзік етеді.
Қолдану тәсілі:теріні тазарту, қажетті мөлшердегі құралды жағу, толық сіңгенше саусақпен сәл массаж жасау.
«Serum-Peptide Pro №2» полипептидті жасарту сарысуы
Көлемі:10 мл x10 флакон
Өнімнің қасиеттері: теріні нәзікірек, жұмсақ әрі тегіс етеді, ұсақ әжімдерді тегістейді
Қолдану тәсілі: қажетті мөлшердегі құралды бетке біркелкі жағып, толық сіңгенше массаж жасау.
«Peptide Fluid Pro» полипептидті қалпына келтіруші флюиді
Көлемі: 10 мл х7 дана
Өнімнің қасиеттері: ылғалдандырады және ылғалды ұстап тұрады, теріні қоректендіреді, теріге жарқыраған көрініс береді.
Қолдану тәсілі: қажетті мөлшердегі құралды бетке біркелкі жағып, толық сіңгенше массаж жасау
Fohow өнімдері - дәрілік зат емес. Олар ауруларды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға арналмаған және дәрігердің тағайындауын алмастырмайды. Шағымдар мен созылмалы жағдайлар болса, маманмен кеңесіңіз.
