ӨнімдерТазарту

Роза Феникс жеміс пастасы, 120 г

F006

Роза Феникс жеміс пастасы

120 г

9 450 ₸

ҚұрамыРоза гүлдерінің сығындысы, бифидофактор (бифидобактерияларға арналған қорек)

Роза Феникс жеміс пастасы:

• Уланулар кезінде тамаша әсер етеді, дисбактериозды тиімді жояды, бауырды тазартады

• Ауыздан шығатын жағымсыз иістерді кетіреді, қант алмастырғыш ретінде қолданылуы мүмкін, бет-әлпет түсін жақсартады

• «Созылмалы шаршау» синдромын басады, ішектің микрофлорасын қалпына келтіреді, майларды төмендетеді

• Барлық мүшелер мен жүйелерді жалпы тазарту, аллергия кезінде сауықтыру әсерін тигізеді, детоксикант болып табылады

Адамның АІЖ көптеген бактериялардың мекеніне айналады. Оларды шартты түрде пайдалы, зиянды және бейтарап деп бөлуге болады. Егер организмде пайдалы бактериялар көбірек болса, адам сау болып көрінеді. Ең пайдалысы – бифидобактериялар, олар ішекте қоректік заттардың сіңуін белсендіреді, иммунитетті арттырады, іш қату мен іш өтуді емдейді, қандағы май деңгейін төмендетуге жауап береді, ішектің патогендік флорасы мен шіру бактерияларының өсуін баяулатады және т.б. Нәресте дүниеге келгеннен кейін бірнеше сағаттан соң оның ішегінде бифидобактериялар пайда бола бастайды. 1–2 апта өткеннен кейін бифидобактериялар ішекте абсолютті көшбасшылыққа ие болады. Бұл – нәрестелердегі күшті иммунитеттің басты себептерінің бірі! Жасы ұлғайған сайын организмдегі бифидобактериялардың саны азаяды, ал қасиетті орын бос болмайды, сондықтан ішекке түрлі ауру тудыратын бактериялар ұмтылады.

Ересек организмде бифидобактериялардың әсерін қалай белсендіруге және олардың көбеюі мен бөлінуін қалай ынталандыруға болады? Алдымен ойға келетіні - тірі микрофлораны ішке қабылдау керек. Алайда зерттеулер тірі микрофлораны тікелей қабылдау оған адамның АІЖ қабырғаларында колониялар құруға мүмкіндік бермейтінін көрсетті - мұндай қабылдауды тоқтатса, тірі микрофлораның артықшылығы бірден тоқтайды. Дәл сол себепті ғылыми қызметкерлер бифидобактерияларға арналған арнайы қоректі - бифидофакторды жасап шығарды. Бұл қорек адам организмімен сіңірілмейді, сондықтан ішке қабылдағанда ол тікелей АІЖ-ға түсіп, бифидобактериялардың өсуі мен белсенділігін ынталандырады. Осылайша иммунитет жақсарады, аурулардың пайда болу мүмкіндігі азаяды.

Өнімнің ерекшеліктері

Осы өнімнің құрамындағы роза гүлдерінің сығындысы бауырды тазартатын және жалпы косметологиялық әсерге ие. Осы өнімнің құрамындағы бифидофактор организмдегі пайдалы микрофлораның – бифидобактериялардың және т.б. тез өсуіне және мөлшерінің артуына ықпал етеді.

• Дисбактериоз кезінде көмектеседі: ішектің пайдалы микрофлорасының мөлшерін арттырады, адам организміндегі АІЖ қызметтерін тұрақтандырады және күшейтеді;

• Ас қорыту сөлінің секрециясын реттейді, АІЖ-дағы ас қорытуды және сіңуді белсендіреді, іш өту кезінде көмектеседі. Ішектің жастығын сақтайды, иммунитетті арттырады;

• Организмнің қартаюын баяулатады;

• Косметикалық әсерге ие;

• Аллергияға және қартайған бұлшықеттерге айқын әсер етеді. «Сыртқы ішкіге әсер етеді» қағидатына сәйкес пигментті дақтарды еріте алады, меланиннің ыдырауы мен метаболизмін белсендіреді, адамға ақ, серпімді, сау теріге ие болуға мүмкіндік береді;

• Ішекті тазартқыш ретінде қож заттарды шығару үшін, іш қату кезінде, арықтау үшін қолданылады, ауыздан шығатын жағымсыз иіс пен тер иісін жояды.

Көрсеткіштер мен дозалар

Курс: кемінде 7–14 күн. Ұзақ уақыт қолдануға болады.

Ересектерге: күніне 1-ден 3 ас қасыққа дейін пастаны тамақтанудан 30 минут бұрын қабылдау.

Балаларға:

• жаңа туған нәрестелерге және емшектегі балаларға – күніне 1 тамшыдан емізу кезінде емшек ұшына немесе емізікке;

• 1-3 жас - 0.2-ден 1 шай қасыққа дейін;

• 4-10 жас – күніне 1-3 шай қасық.

Ұсынылады: «Роза Феникс» жеміс пастасы барлық адамдар тобына, шектеусіз қолайлы. Тағамдық мақсатта қант алмастырғыш ретінде қолдануға болады, тұрақты пайдалануға болады. Егде адамдар мен балаларға арналған сауықтыру бағытындағы қолжетімді әрі алмастырылмайтын тағам өнімі болып табылады.

Тағамдық құндылығы:

әрбір 100 мл. қатты массада:

• калориялылығы - 190.0 ккал

• ақуыз - 0.0

• май - 0.0

• көмірсу - 97.5 г

Fohow өнімдері - дәрілік зат емес. Олар ауруларды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға арналмаған және дәрігердің тағайындауын алмастырмайды. Шағымдар мен созылмалы жағдайлар болса, маманмен кеңесіңіз.