ӨнімдерТоқыма және сау ұйқы

Бұл - денсаулыққа қамқорлықпен жасалған сәнді аксессуар. Иығымыз, мойнымыз бен арқамыз әсіресе тоңуға бейім, бұл мойын бөлімі меридиандары «түйінінің» өткізгіштігінің нашарлауын, бүкіл иық белдеуіне тарауы мүмкін бұлшықеттердің түйілуі мен ауырсынуын тудыруы мүмкін. Мезгіл-мезгіл ұзақ тоңғанда жақсы жағдайда суық тиіп қалуға, ал жаман жағдайда ревматизм және басқа да айтарлықтай ауыр ауруларды жұқтыруға болады.
Fohow (Фохоу) функционалды палантині теріні тітіркендірмейтін жоғары сапалы әрі жайлы материалдан жасалған. Материал құрамында мойын мен иық аймағындағы микроайналымды тиімді жақсартатын және шаршауды тез басуға көмектесетін германий талшығы бар. Fohow функционалды палантині - қысқы суықта ғана емес, жылы мезгілде кондиционері жұмыс істеп тұрған бөлмелерде тоңудан да сақтайтын, денсаулықты сақтауға көмектесетін сәнді аксессуар.
Fohow функционалды палантинін дайындауда тоқыма өнеркәсібінің ең жаңа технологиялары қолданылған. Палантин материалы өте жұмсақ әрі жайлы, ауаны жақсы өткізеді, теріні тітіркендірмейді. Әсем әрі сәнді дизайн палантинді кез келген киіммен дерлік үйлестіруге және сіздің жеке стиліңізді айқындауға мүмкіндік береді.
Құрамы: 47% полиамид, 45% полиэстер, 8% эластан
Негізгі әсері
мойын мен иық аймағындағы тері бетінің температурасы тиімді жоғарылайды әрі сақталады, жасушалық белсенділік артады, қан айналымы мен меридиандардың өткізгіштігі жақсарады, тоңудан туындайтын аурулардың алдын алу жүреді. Бұдан басқа, функционалды палантин ми қанмен қамтамасыз етілуін жақсартуға, жасушалардың оттегімен қанығуына, иммунитеттің және ағзаның өзін-өзі қалпына келтіру табиғи қабілетінің артуына ықпал етеді.
Fohow өнімдері - дәрілік зат емес. Олар ауруларды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға арналмаған және дәрігердің тағайындауын алмастырмайды. Шағымдар мен созылмалы жағдайлар болса, маманмен кеңесіңіз.
