ӨнімдерҚұрылғылар мен физиотерапия

Фасциальды массажёр

F616

Фасциальды массажёр

128 835 ₸

Fohow фасциалды массажері - бұлшықет талшықтары мен фасцияға терең әрі қарқынды массаж жасауға мүмкіндік беретін аспап.

Массажердің жұмысының негізгі принципі

Арнайы қондырманың көмегімен аспап бұлшықеттерге әсер етеді, соның нәтижесінде оларды босаңсытады, қан айналымын қалыпқа келтіреді, сүт қышқылын шығарады және жасушаларды оттегімен қанықтырады. Массажердің әсері шаршауды басады және ауырсынуды азайтады.

Қолдану тәсілі

1. Шаршау мен кернелуді басу, бұлшықеттерді босаңсыту.

Таңертең оянғаннан кейін аспаппен массаж жасау керек. Массаж бүкіл күнге күш пен жеңілдік береді.

Жұмыс күнінен кейін шаршауды басу үшін аспапты кешке пайдалану керек.

2. Спорттық жаттығулардан кейін.

Дене жүктемелерінен кейін бұлшықеттерді өңдеу жаттығулардың сапасын арттыруға көмектеседі. Спортшылар кәсіби массажистердің қызметін жиі пайдаланады, ал ондай мүмкіндік болмаса, аспап бұл жұмысты кем түспей орындай алады.

3. Бұлшықеттердегі ауырсыну кезінде

Аурулар, жарақаттар немесе ауырсынулар кезінде массажер қозғалыс белсенділігін жылдамырақ қалпына келтіре алады.

Сипаттамалары

Аспаптың 4 жұмыс режимі бар:

• 1 - босаңсытатын массажға арналған;

• 2 – қуаттырақ режим бұлшықеттердің терең қабаттарын илейді.

• 3 – спорттық жүктемелерден кейін, кернелу мен жайсыздық сезімі кезінде пайдалану үшін оңтайлы. Әсер қарқындылығы жиналған сүт қышқылын шығара алады.

• 4 – барынша қуатты діріл тірек-қимыл аппаратының созылмалы аурулары кезінде қолданылады.

БІРАҚ, массажерді пайдаланудың басында әсерді бірінші, ең аз қарқынды режимнен бастаған дұрыс, біртіндеп қуаттырақ әсерге көшкен жөн.

Аспаппен бірге жинақта 4 қондырма бар:

• бірінші үлкен домалақ қондырма арқа, кеуде, аяқ бұлшықеттерін өңдеуге арналған;

• екіншісі – табан, омыртқа, мойын үшін;

• үшіншісі – балтыр, қол және іш үшін;

• төртінші қондырма нүктелік массажға арналған және дененің кез келген бөлігінде пайдаланылуы мүмкін.

Массаждық аспапта ағза жасушалары табиғи түрде қабылдайтын оңтайлы діріл жиілігі қолданылған. Ол 1 минутта 1600-1800 тербелісті құрайды. Бұл ретте әр режимде массажердің тербеліс жиілігі тұрақты, бұл ағза үшін ыңғайлырақ.

Дірілді массажердің тағы бір ерекшелігі – тыныш, шусыз жұмыс. Оны айналасындағыларға кедергі келтірмей, мүлдем кез келген жерде пайдалануға болады.

Әр аспапта пайдалану мен күту бойынша толық нұсқаулық бар. Оны пайдалануға кіріспес бұрын сақтық шаралары мен пайдалану ережелерімен мұқият танысу ұсынылады.

Fohow өнімдері - дәрілік зат емес. Олар ауруларды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға арналмаған және дәрігердің тағайындауын алмастырмайды. Шағымдар мен созылмалы жағдайлар болса, маманмен кеңесіңіз.