ӨнімдерТазарту

ҚұрамыҚытай кордицепсі, пуэр шайы, астрагал, қызылтамырлы шалфей, бесжапырақты панакс (женьшень), хризантема, жапон ырғайы
Лювей Феникс шайы өңешке пайдалы, ас қорытуға ықпал етеді, қанды жандандырады, іркілу құбылыстарын жояды, ыстықты басады; детоксикант болып табылады, косметикалық әсерге ие, қысымды төмендетуге ықпал етеді, қандағы май мөлшерін төмендетеді, өмірлік энергияны қалпына келтіреді, тиімді диуретик және т.б.
Өнімнің құрамы: Қытай кордицепсі, пуэр шайы (үш жылдық және одан ұзақ ұсталған), астрагал, қызылтамырлы шалфей, бесжапырақты панакс (женьшень), хризантема, жапон ырғайы.
Қаптама стандарты: 2 г-нан 25 сүзгі-пакет.
Жарамдылық мерзімі: 36 ай.
Сақтау тәсілі: Құрғақ, күн сәулесінен қорғалған жерде сақтау.
Қолдану тәсілі: Бір сүзгі-пакетті 3 - 4 рет қолдануға болады, шайды алғаш демдегенде түсі пайда болғанша пакетті ыстық суға (85 - 90оС) бірнеше секундқа салу жеткілікті. Шайдың соңғы қабылдауы 18 сағаттан кейін ұсынылмайды.
Шай тыныштандыратын әсерімен ерекшеленеді, дене салмағы жоғары адамдарға, холестерин, артериялық қысым жоғарылағанда көрсетіледі.
Пуэр шайының адам организміне әсеріне үлкен мән беріледі. Пуэр шайы асқазан мен ішектің жұмысын қалыпқа келтіреді, салмақ төмендетуге ықпал етеді, қандағы липидтер мөлшерін азайтады, тамырларда атеросклеротикалық өзгерістердің пайда болуына кедергі жасайды, артериялық қысымды реттейді, қандағы қант мөлшерін төмендетеді, диуретикалық әсерге ие және т.б.
Лювэй Феникс шайы - денсаулықты сақтаудың тамаша өнімі.
• Бауыр мен бүйректі тазартады, организмге тамақты қорыту мен сіңіруге көмектеседі, ісінуді басады
• Организмнен құм мен тұздарды шығарады, қысымды төмендетуге ықпал етеді, қанды жандандырады
• «Созылмалы шаршау» синдромын басады, май шөгінділерінің пайда болуынан сақтайды, ыстықты басады
• Барлық мүшелер мен жүйелерді жалпы тазарту, ішектен, қан тамырларынан қож заттарды шығарады, детоксикант болып табылады
Өнімнің ерекшеліктері
• Бірінші дәм: Пуэр шайы. Ас қорытуды қалыпқа келтіреді, артық май шөгінділерінен арылуға ықпал етеді және организмнен токсиндердің шығарылуын жеделдетеді
• Екінші дәм: Астрагал. Іштен және сырттан нығайтады, токсиндерді шығарады, диуретик.
• Үшінші дәм: Қызылтамырлы шалфей. Қанды жандандырады, іркілу құбылыстарын жояды; ісіктерді сорады, ауырсынуды тоқтатады.
• Төртінші дәм: Бесжапырақты панакс (Женьшень). Обырдың алдын алады, обыр жасушаларының бөлінуін баяулатады; қандағы майларды төмендетеді; косметикалық әсерге ие.
• Бесінші дәм: Хризантема гүлі. Бауыр қызметін тұрақтандырады, көру қабілетін жақсартады; «желді» тарқатады, ыстықты басады.
• Алтыншы дәм: Жапон ырғайының гүлі. Ыстықты басады; қанды салқындатады, іркілу құбылыстарын жояды; детоксикант.
Көрсеткіштер мен дозалар
Көрсеткіштер мен курстардың ұзақтығы
• Гиперлипемия - әрбір 3 ай сайын қатарынан 1-ден 2 курсқа дейін, қандағы липидтер мөлшерін бақылай отырып;
• Қант диабеті - әрбір 3 ай сайын қатарынан 1-ден 2 курсқа дейін, қан мен зәрдегі қант мөлшерін бақылай отырып - қосымша құрал ретінде қолданылады;
• Семіздік - жылына бірнеше рет қатарынан 1-ден 3 курсқа дейін;
• Атеросклероз - жылына бірнеше рет қатарынан 1-ден 2 курсқа дейін;
• Тірек-қимыл аппаратының аурулары - жылына бірнеше рет қатарынан 1-ден 3 курсқа дейін;
• Басқа аурулар - қабылдау курстары жеке тағайындалады, әдетте жылына екі рет 1-ден 2 курсқа дейін.
Ескертпелер
Шайдың соңғы қабылдауы 18 сағаттан кейін ұсынылмайды.
Шайды демдеу:
• Бір пакет шайды күніне 3 – 4 рет бірдей уақыт аралығында қолдануға болады.
• Әр жолы сол пакет 3 минутқа дейін (шайды алғаш демдегенде түсі пайда болғанша пакетті ыстық суға бірнеше секундқа салу жеткілікті) ыстық су толы стаканға салынады, содан кейін пакет алынып, шай ішіледі.
• Шайды демдеу үшін қайнаған су қолданылмайды. Су сәл суығанша бірнеше минут күту қажет.
• Кешке қарай шайдағы кордицепс концентрациясы төмендейді. Ұйқы бұзылмайды.
«Лювэй Феникс» шайымен сауықтырудың бір курсы – 25 күн. Қажет болса, шайды одан да ұзақ қолдануға болады.
Fohow өнімдері - дәрілік зат емес. Олар ауруларды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға арналмаған және дәрігердің тағайындауын алмастырмайды. Шағымдар мен созылмалы жағдайлар болса, маманмен кеңесіңіз.
